«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің құрылғанына 19 жыл

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің құрылғанына 19 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Әскери бөлім 1997 жылы 23 шілдеде ҚР Қорғаныс министрінің Директивасының негізінде құрылды.

Жеке құрамды «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штабтар бастығы полковник Талғат Қабдыбекұлы Исмаилов

құттықтады. Ол қызметтік міндетін жауапты атқарып, ынта-жігер танытқаны үшін 3-ші сынып сержанты Александр Игнатовқа грамота табыс етті. Әскери бөлім командирі подполковник Серік Әділбекұлы Рамазанов, 54835 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Серікұлы Сыздықов та ізгі тілегін жеткізді. Бөлімнің құрылғанына 19 жыл толуына байланысты бұйрыққа сәйкес, әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін материалдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімі штабының (техникалық бөлімі) аға офицері майор М.Дүйсенов, штаб бастығының орынбасары–штабтың жедел қызметінің бастығы майор И.Назаренко, жауынгерлік және арнайы дайындық бөлімінің аға офицері (әуе десанттық бойынша нұсқаушы) капитан Э.Сартаев, жауынгерлік және арнайы дайындық бөлімінің аға офицері (жеңіл сүңгу бойынша нұсқаушы) капитан И.Костюченко, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің (идеологиялық жұмыс және арнайы насихаттау жөніндегі) аға офицері капитан Р.Увалиев, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің офицері (психолог) капитан Т.Сүбебаева, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, экологиялық және қоршаған ортаны қорғау қызметінің бастығы капитан Д.Жүнісбеков, кадрлар қызметінің бастығы капитан С.Қасенов, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің (әскери тәртіп жөніндегі) аға офицері аға лейтенант Н.Малғаждаров, штабтың жедел қызметінің офицері (аудармашы) аға лейтенант А.Заманбеков, штабтың әскерлерді автоматтандырылған жүйеде басқару және байланыс қызметінің бастығы аға лейтенант Н.Алиев, қаржы қызметінің бастығы аға лейтенант К.Арғыншалов, материалдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің сержанты 3 сыныпты сержант А.Игнатов, арнайы мақсаттағы гаубицалық артиллериялық взводының сержанты–жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушы–жауынгерлік есептоп командирі 3 сыныпты сержант К.Теңізбаев, (аэроұтқыр) арнайы тағайындалған барлау ротасының 1-ші арнайы тағайындалған барлау тобының аға маманы–аға барлаушы мерген аға сержант Н.Булькенов және басқа да әскери қызметшілер мақтау грамотасымен марапатталды.

Ал, қонақтар мен отбасы мүшелеріне қоян-қолтық ұрыс түрлері көрсетілді. Ашық алаңға қойылған қазақстандық армия барлаушыларының жиынтығы мен әскери тапсырмаларды орындауға арналған қазіргі заманғы негізгі қару-жарақ түрлерін көруге де мүмкіндік жасалды. Мерекенің соңы әскери бөлім қызметкерлері балаларының концертіне ұласты. Бағдарламаға белсене қатысқан Мират Жақсылықов, Айқын Халелов, Темірлан Мұхтарханов, София Щевцова, Балжан мен Тоғжан және Нұрай Бақытқазиналар әскерилердің қошеметіне бөленді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"