Семей қаласында әскери есепке алу басталды

Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасында әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу шарасы басталып кетті.

   Семей қаласы әкімінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «17 жасқа толатын ер жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» шешіміне сәйкес, жасы 17 толған азаматтары шақыру учаскесіне тұрақты мекен-жайы бойынша есепке алынып жатыр. Әскери қызметке жарамдылығы, білімінің деңгейі, мамандығы, психологиялық төзімділігі, дене дайындығының деңгейі де анықталады. Жинақталған мағлұматтардың негізінде ҚР Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріне алдын-ала таратылады. Сондай-ақ, ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында, ҚР тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, әуе қорғанысының әскери институты, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты секілді әскери жоғарғы оқу орындарында оқитын үміткерлер де алдын-ала іріктеледі.

   Полковник Жәнібек Ыдрышев, Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасының бастығы: «2000 жылы туылған азаматтарды тұрақты мекен-жайы бойынша шақыру учаскесіне есепке алу жылына бір рет жүзеге асырылатын шара. Биыл 5 қаңтардан басталып, наурыз айының соңғы күніне дейін жүргізіледі. Семей қаласының қорғаныс ісі жөніндегі басқармасына 1860 адам есепке алынуы тиіс. Әскери есепке алу барысында әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің сандық және сапалық құрамы айқындалады».  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"