Сарыөзек гарнизонында құқық бұзушылықтар профилактикасының қорытындысы жасалды

Тамыз айында Сарыөзек гарнизондық офицерлер үйінде құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2108 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жоспарының 2016 жылғы жарты жылдығына қорытынды жасалды.

Сарыөзек гарнизоны әскери прокуроры әділет  подполковнигі Айдар Сламбеков Сарыөзек, Жаркент Чунджа гарнизондарының әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің қатысуымен Сарыөзек гарнизондық офицерлер үйінде 2016 жылдың жарты жылдығына есеп беріп, құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2108 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жоспарының 2016 жылғы жарты жылдығына қорытынды жасады.

         Жиналысты бастамас бұрын гарнизон әскери прокуроры Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының 2088 әскери бөлімінің командирі полковник Алмас Баймамановқа берілген грамотасын тапсыруымен бастады.

         Әскери прокрурор өз баяндамасында, әскери басқару органдарының құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жүйелі профилактикасын ұйымдастыру, әскери бөлімдер мен мекемелерінде әскери қызметтің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуді басты мақсатқа қойды. Жиналыс барысында сөз алған Сарыөзек гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі лейтенант Дмитрий Кривцов  қазіргі заманда өте өзекті болып тұрған экстремизм мен терроризмнің алдын алу шарларын іске асыру бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, аталған іс-шарада Сарыөзек гарнизонының бастығы 12740 әскери бөлімінің командирі подполковник Мырзағали Дарбишев, Жаркент гарнизонының бастығы 74641 әскери бөлім командирі майор Жәнібек Құранбеков құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жоспарының 2016 жылғы жарты жылында гарнизондарда  өткізлген жұмыстар бойынша баяндама жасады. Жиналыс соңында Сарыөзек гарнизоны әскери прокуроры әділет  подполковнигі Айдар Сламбеков тиісті шешімдер қабылдап, 2016 жылдың екінші жартылдығына әскери бөлім командирлеріне қажетті бағыттар сілтеп, тапсырмалар қойды.

 

 

Капитан Е.Исабеков, 12740 әскери бөлімінің әскери

тәртіп жөніндегі аға офицері 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"