Сарбаздардың қызмет мерзімі аяқталды

Гвардейск гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде 900-ге жуық сарбаз запасқа шығарылды.

Қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарды запасқа шығару рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шарада әскери бөлімдердің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, еліміздің мемлекеттік әнұраны орындалды. Әскери бөлім командирлері қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарды құттықтап, оларға алғыс білдіріп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сарбаздар да өз кезегінде әскери бөлім басшылығына және офицерлер мен сержанттарға алғыстарын білдірді.
–    Мен бүгін өте қуаныштымын. Себебі, біз Отан алдындағы өз борышымызды адал атқарып, үйімізге оралғалы тұрмыз. Әскери бөлімнің офицерлері мен сержанттарына алғысымыз шексіз. Олар бізге жауынгерлік даярлық пен әскери істің қыр-сырын үйретті. Біз кез келген уақытта Отанымызды қорғауға дайынбыз, – деді танк бригадасының сарбазы қатардағы жауынгер Руслан Ибраимов.
Сонымен қатар, қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарға алғыс хаттар мен фотоальбомдар табыс етілді. Олар әскери бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасты. Шара соңында мінбе алдынан соңғы рет саптық жүріспен жүріп өтті.
Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар жуырда үйлеріне оралады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"