Сарбаздар ата-аналарымен Skype арқылы тілдесті

Батыс Қазақстан облысынан әскерге шақырылған жас сарбаздар алғаш рет ата-аналарымен Skype арқылы тілдесті.

Қазір батысқазақстандық 716 жауынгер еліміздің 14 қаласында Ұлттық ұланның сапында әскери борышын өтеп жүр. Оралдағы 55/17 әскери бөлімінде ұйымдастырылған шараға 400-ден астам ата-ана қатысты. Тікелей байланыс кезінде олар сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Әскери техника мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, асхананы көрді.
   
Сәлима Нариманова, қала тұрғыны: - Балам Шымкент қаласында әскери борышын өтеп жатыр. Барған жері де жақсы. Қазір Skype-пен көзбе-көз сөйлестім. Балам жақсы, денсаулығы да жақсы. Ұнайды қазіргі әскер. Балам өзінің қалауымен кетті. Өзінің Отан алдындағы борышын өтеу міндетін түсініп, өзі сұранып кетті.

 Берік Омаров, ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары: - Мақсатымыз – ата-аналарымен қауыштыру, ата-аналарға осы Ұлттық ұлан әскерінде қызмет атқарып жатқан балаларының жағдайларын көрсету, айту, түсіндіру. Әрине, бірінші тұрған нәрсе – патриоттық тәрбие, патриоттық сезім. Келе жатқан жас сарбаздарды, жас жеткіншектерді сол патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"