«Сарбаз» зымыранды-артиллериялық кемесінің жалауы салтанатты түрде көтерілді

Шекарашылар флоты жаңа су көлігімен толықты. Өткен сенбі күні Ақтау теңіз портында «Сарбаз» зымыранды-артиллериялық кемесінің жалауы салтанатты түрде көтерілді. Минутына мың оқ атып, бес шақырым қашықтықтағы нысананы талқандай алатын техника су астында соғысуға да қауқарлы.

«Сарбаздың» командирі Рустам Исмалов үшін бүгінгі күннің маңызы зор. Еліміз бойынша әзірге баламасы жоқ кеме тізгінін ұстаудың жауапкершілігі мол екенін жақсы түсінеді. Шекара күзетінде қолданылатын отыздан астам кеме мен катерлердің ішінде шоқтығы биік техника отандық зауытта құрастырылған.

Рустам Исмаилов, «Сарбаз» кемесінің командирі: - Кеме зауыт сынақтарынан сәтті өтті. Міне бүгін шекара флотының туын көтеріп, қатарға қосылдық. Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін кез-келген қатерден күндіз-түні қорғауға дайынбыз.
«Сарбаз» - Қазақстандық әскери флоттағы дыбыстық акустика стансасымен жабдықталған алғашқы кеме. Енді теңіз шекарашылары су астынан келер қауіп-қатерге тойтарыс бере алады. Теңіз түбіне түсірілетін мына құралдың көмегімен мамандар кез-келген нысананың орналасқан жерін дәл анықтайды. Кеменің басқару бөліміндегі арнайы экраннан күдікті нысанның анық бейнесін көруге болады.
Салмағы 250 тонна болатын зымыранды-артеллериялық кеме сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүреді. Заманауи техника минутына 300 оқ атып, екі шақырым қашықтықтағы жауды талқандайтын, автоматты түрде басқарылатын құрылғымен және түнде көру жүйесімен жабдықталған. Демек, тәуліктің қай мезгілінде болмасын, теңізден келер қауіптің бетін қаймықпай қайтаруға қауқарлы.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"