Жуырда Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева әскери қызметшілерге, сарбаздарға, әскери отбасыларына арнап концерт өткізді.
Роза Рымбаеваны Аягөз гарнизонының бастығы 10810 әскери бөлімінің командирі подполковник Габдуллин Бекболат Құрманұлы гүл шоғымен қарсы алып, мерекелік концертте сөз сөйледі. Ол «Құрметті, Роза Қуанышқызы, бүгінгі есте қалар кеште сіз әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтеріп, сарбаздарға тамаша көңіл-күй сыйладыңыз. Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіз» деп тілек білдірді.
Майя айғазықызы
10810 әскери бөлімі