ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарына барды

ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарына барды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстанның қорғаныс ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарын аралады.

Жұмыс сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге жаңа тұрғын үйлерден 240 пәтердің кілттерін табыстады. «Гарнизондарда тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әскери қызметшілердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуы деңгейін арттыруға, олардың Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет етуге ынталандыруы көңіл бөлуінің жарқын үлгісі», - деп ҚР Қорғаныс министрі салтанатты шарада атап өтті.

Әскери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігі қызметінің басымдық бағыттарының бірі болып табылады. 

 Жыл сайын ҚР Қарулы Күштерінде құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу арқылы оң мыңдаған шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Мерейтолық 2016 жылы Ақтау, Аягөз, Сарыөзек және Гвардейск гарнизондарында 474 пәтер мен жатақханадағы 100 бөлменің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына келіп түскен Ми-35М жаңа көп мақсатты соққы тікұшақтарын қарап шықты.

Жауынгерлік тікұшақтардың аталмыш үлгісі басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақтың көмегімен жерүсті нысаналар бойынша атыс тапсырмаларын орындау қабілеттілігіне ие екенін айта кеткен жөн.

Одан басқа, Алматы қаласында ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің ардагерлерімен қауышып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады және қазақстандық армияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін әрқайсысына алғыс білдірді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких