ҚР ҚК-нің ұшқыштары отандық тікұшақтарда біліктілігін сынап көрді

19132 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дағды мен біліктіліктің жоғары деңгейін растады. Өздерінің шеберліктерін ұшқыштар ЕС-145 отандық тікұшағында жауынгерлік даярлықты арттыру бойынша жиындарда паш етті.

«Аталмыш тікұшақ іздестіру-құтқару, басшылық құрамды тасымалдау, сондай-ақ десанттық-көліктік тасымалдау жұмыстарын орындайды. Ұшудың барынша биіктігі 5 000 метр», - деді ЕС-145 экипажының командирі лейтенант Дмитрий Якунев. Әскери ұшқыштар әлемдегі ең заманауи тікұшақтардың бірі ЕС-145 тікұшағында ұшты. ЕС-145 қазақстандық  «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг»  зауытында құрастырылған. Бұл зауыттың өнімі «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде ұсынылатын болады.  Тікұшақ барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Шуыл деңгейі төмен, жоғары жылдамдық сипаттамасына ие. «Бөліміміздегі оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл аптасына күндізгі және түнгі  3-4 ұшу ауысымы. Әскери қызметшілердің әуедегі орташа уақыты 5 сағатты құрайды. Жауынгерлік тапсырмаларды арттыру бойынша ұшу уақыты 8 сағатқа жетуі мүмкін», - деді авиациялық эскадрилья авиациялық буынының аға ұшқышы (19132 әскери бөлімі армиялық авиацияның) капитан Алексей Аляев. Әскери авиация ұшқыштарының жұмысы адамның еңбек қызметінің анағұрлым күрделі түрлерінің біріне жатқызылады. Негізгі күрделілік – ол көрінушілік. Тікұшақтарымыз кез келген метеожағдайларда, тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында ұшуға арналған. Мұндай оқу-жаттықтыру ұшулары әскери ұшқыштардың жауынгерлік және ұшу даярлығы жоғары деңгейде екендігінің тағы бір дәлелі. ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері барлық қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындайды және сыныптылықтарын арттырады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"