ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері балаларды мектепке дайындауға көмектесті

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ, ата-аналарының қарауынсыз қалған жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындауға көмектесті.

Әскери қызметшілер шефтік көмекті «Мектепке апарар жол» республикалық акциясы аясында көрсетіп отыр.
  
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы М. Горький атындағы жергілікті мектептің 2-сынып оқушысы Жансерік Халбаев Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімшесі әскери қызметшілерінің атынан мектеп формасы мен керек-жарақтардың жаңа жиынтығын алды.
Жансерік ағымдағы жылы ОҚО әскери қызметшілерінен көмек алған алғашқы бүлдіршін болып отыр.  Балақай болашақта өзі әскери киім киюге ниет білдіріп отыр. ОҚО әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мектепте толыққанды білім алулары үшін мұқтаж жанұялардың балаларын жыл сайын барлық қажеттімен қамтамасыз ететінін айта кетейік.

Биылғы жылы оқу басталар алдында 15 балдырғанға көмек көрсетіледі. Қазақстандық армияның әскери қызметшілері мұқтаж қазақстандықтарға ұдайы негізде қолұшын созып тұрады.  Еліміздің әрбір әскери бөліміне әскерилер шефтік көмек көрсетіп отыратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бекітілген. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"