ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Ресей мен Қытайдың әскери жоғары оқу орындарының түлектерімен толықты

Қызмет өткеру үшін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштеріне 12 жас лейтенант келді. Қазақстанның Әскери-теңіз күштері алғаш рет Қытай Әскери-теңіз академиясының түлектерімен толықты. Олардан басқа, Санкт-Петербор қаласының Әскери-теңіз академиясы мен Құрлық әскерлері Әскери институтының бітірушілері қызметке кірісті.

10 күн бойы 29011 әскери бөлімі оқу-жаттығу орталығының базасында «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде жас лейтенанттардың оқу-әдістемелік жиындары өтуде. Жас лейтенанттармен өміршеңдік үшін «Оймаша» полигонында, яхта клуб пен оқу-жаттықтыру станцияларында теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі. 

Дәстүрлі түрде іс-шара әскери-теңіз туын көтеру рәсімінен басталды. 2016 жылғы әскери оқу орындарының түлектерімен оқу-жаттығу орталығының аумағында таныстыру экскурсиясын және ҚР ҚК ӘТК-нің қатарындағы алдағы офицерлік қызмет жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізілді. «Жас лейтенанттардың қызметте өздерінің білімдерін іс жүзінде қолдануға деген құлшынысы зор. Сіздерге қызметті әрі қарай өткеруде сәттілік тілеймін», - деп ӘТК бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев ізгі лебізін білдірді.  Осы сәттен бастап жас офицерлер үлкен өмірге қадам басып, өздерінің офицерлік мансап жолын бастады және енді қазақстандық армияның офицері жоғары атағын абыроймен алып жүретінін айта кетейік. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"