ҚР ҚК әскери қызметшілері Ресейде өтетін «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуына қатысады

Қазақстанның әскери қызметшілері  Ресей Федерациясы Псков облысы Струги Красные қаласындағы ҰҚШҰ-ның жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл» бірлескен оқу-жаттығуына қатысады.

Оқу-жаттығуға Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың тақырыбы ұжымдық қауіпсіздік өңірінде шекара маңындағы қарулы жанжалдарды шешу жағдайларында ҰҚШҰ ҰЖДК-ның контингенттерін қолдану болып табылады. «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуы шеңберінде жауынгерлік іс-қимылдарға дайындалу және оны жүргізу барысында ҰҚШҰ ҰЖДК құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлері және штабтарына жұмыс практикасы берілетін болады. ҰҚШҰ ҰЖДК-ның «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өтетінін айта кетейік. Алдыңғысы 2014 жылы Қазақстанның Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында өткізілді. Бұл оқу-жаттығуларда алғаш рет далалық жағдайда ҰҚШҰ Біріккен штабы мен ТМД Хатшылығының қатысуымен ҰҚШҰ ҰЖДК-ның қолбасшылығы толық құрамда өрістетілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"