ҚР ҚК әскери қызметшілері балалар мен қарттар үйінде мерекелік шаралар өткізді

ҚР ҚК әскери қызметшілері балалар мен қарттар үйінде мерекелік шаралар өткізді

Жаңа 2017 жылдың қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері әртүрлі өңірлердегі балалар үйі мен қарттар үйінде мерекелік шаралар өткізді.

Сонымен, Қазақстанның Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы «SOS Астана балалар қалашығында» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Балалар қалашағының басшылығымен келісе отырып, отбасылық үйлерде жерсеріктік антенналар орнатылды. Ал балаларға арнап жеміс пен жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды. «Жаңа жыл балалардың ең сүйікті мерекелерінің бірі болып келеді. Бұл қиял-ғажайып пен тілектер орындалатын шақ.

 Бүгінде балдырғандарға титтей де болса бақыт сыйлауға мүмкіндігіміз болып отырғанына қуаныштымыз», - деп ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев атап өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов Зүлфия Төлепованың отбасына барып, құттықтау тілегін айтып, жаңа жылдық сыйлықтарын тарту етті. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі 19 баланы тәрбиелеп, бағып-қағып отыр.

 Өз кезегінде, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қалыптасқан игі дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында Алматы, Қапшағай, Сарыөзек және Талдқыорған гарнизондарында қайырымдылық шараларын өткізді. Олар балалар үйі мен қарттар үйіне барды. Онда мерекелік концерт өткізіп, жаңа сыйлықтар тарту етті. Одан басқа, десантшылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырды.

Егде жастағы адамдарға, ата-анасының мейірімінен айырылған балаларға қамқорлық көрсетудің маңыздылығын жете түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұдайы негізде әртүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отыруға тарысады. Өз өңірлерінде олар балалар үйі мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйіне, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шефтік көмек көрсетіп тұрады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких