ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы туралы кітап жарық көрді

Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында «Құқық тәртібін сақтағанға – 20 жыл» кітабы таныстырылды.

   ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы туралы мол мағлұмат беретін жинақ генерал-майор Т.Дандыбаевтың жалпы редакциясымен дайындалды. Кітапқа еліміздің Қарулы Күштері әскери полициясының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері жайында деректер жинастырылған. Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы полковник Бекжан Жақыпов жеке құрамның алдында ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» 1997 жылдың 22 сәуіріндегі 3465-ші Жарлығына сәйкес, Қорғаныс және Ішкі Істер министрліктерінде әскери полицияның жеке құрылымдары құрылғанын тілге тиек етті. Президент Жарлығының негізінде «ҚР ҚК әскери полициясы жөніндегі ережені жүзеге асыру туралы» Қорғаныс министрлігі бұйрық шығарып, ҚР ҚК әскери полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары, мәртебесі мен мақсаты айқындалғанын айтты. Сондай-ақ, «ҚР Қарулы күштері және қорғанысы жөніндегі» ҚР Заңының 10-шы бабына толықтыру енгізіліп, онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің, Ішкі Істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің құрамына қарайтын әскери полиция әскери құрылымдардағы құқық тәртібін қамтамасыз ететіндігі және әскери полицияның құқығы мен функциясы ҚР Заңдарымен қорғалатындығына да тоқталды.

   «Құқық тәртібін сақтағанға – 20 жыл» кітабында Қазақстан әскерінде тәртіптің туын биік ұстаған әскери полиция органдары жайлы естеліктер, құқық тәртібін сақтауға үлес қосқан әскери қызметшілер мен лауазымды тұлғалар жайындағы деректер, тарихтан сыр шертетін суреттер жеткілікті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"