Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік даярлық барысын тексерді

Генерал-лейтанант Нұрлан Ермекбаев Алматы мен Гвардейск гарнизондарындағы танк және десанттық-шабуылдау бригадаларының жауынгерлік даярлық барысымен танысты.

Әскерлердің қолбасшылары биылғы оқу-жаттығуларда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар тәжірибесі ескеріліп, жаңа ұрыс әдістері қолданылғаны туралы баяндады.  
Соның бірі ретінде наурыз айының басында алғаш рет екі жақты форматта ұйымдастырылған «Мәтібұлақ» полигонында өткен бригадалық тактикалық оқу-жаттығуын айтуға болады. Осындай оқу-жаттығу командирлерді жауынгерлік іс-қимылдарда қалыптан тыс әдістерді жоспарлауға, уақытылы ұрыс жағдайының өзгертуге әрекет етуге және бағынысты бөлімшелердің іс-қимылына қажетті өзгерістер енгізуге үйретеді. Екі жақты оқу-жаттығу өзінің тиімділігін көрсетті. Алдағы уақытта ауқымды қолданылатын болады.    
Қорғаныс министрі «Іле» полигонында бөлімшелердің өткен жылдан бастап әскерлердің жауынгерлік даярлығына белсенді енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атыс сабағын тексерді. Десанттық-шабуылдау бригадасының командирі әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдауда заман талаптарын ескере отырып қарқынды жауынгерлік даярлық жүргізуге мүмкіндік беретін оқу-материалдық базасын көрсетті. Осы жерде министр Армия халықаралық ойындарындағы «Десанттық взвод» сайысына қатысатын жауынгерлердің даярлығымен де танысты.  
Қорғаныс ведомствосының басшысы Гвардейск гарнизонында танк бөлімшелердің сабағын тексеріп, сонымен қатар оқу-жаттығу алаңдарының инфрақұрылымын қарады. Қазіргі уақытта ол жерде әскерлердің жауынгерлік жаттығулары өтуде, ал жазда онда елімізде өтетін Армия халықаралық ойындарының сайыстарын өткізу жоспарланып отыр.
Тексеріс нәтижесі бойынша генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев тұрақты түрде қарқынды дамып келе жатқан жауынгерлік даярлықты атап өтіп, оны әрі қарай арттыруда командирлерге барлық күш-жігерді жұмылдыруды тапсырды.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба