Қазақстанның танк экипажы «Танк биатлоны-2016» жеке жарысында үздік нәтиже көрсетті

Қазақстанның танкішілері «Танк биатлоны-2016» сайысының кезекті жеке жарысында үздік нәтиже көрсетті. Танк командирі аға лейтенант Асылбек Мүсірманқұловтың жетекшілік етуімен бүгінде экипаж қашықтықты батыл еңсеріп, оқ атуды орындап, бірінші орынға сытылып шығып, Сербия, Беларусь және Иранның командаларын жеке жарыста басып озды.

Танк биатлоны бойынша командамыз үшін бұл байқаудың бірінші кезеңіндегі үшінші жеке жарыс. Алдыңғыларында Қазақстанның экипаждары өздерінің жеке жарыстарында Сербия, Үндістан, Ресей, Никарагуа, Беларусь және Арменияның командалары арасында көшбасшылық позицияны сақтай отырып, жоғары дайындық деңгейін паш етті. Алайда, мұнымен бәсеке аяқталмайды. Алда қатысушы командаларда жартылай финал және финал. Егер сайыстың бірінші кезеңіне барлық 17 ел қатысқан болса, келесі кезеңге тек 12 команда өтеді. Финалда тек төрт ең үздік және кәсіби өкіл кездесетін болады. Қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында, сондай-ақ, Балтық, Қара және Каспий теңіздерінің су айдындарында Армия халықаралық ойындары-2016 қызу жүріп жатқанын айта кетейік. Екі байқау Қазақстанның аумағында алғаш рет өтіп жатыр. Бірақ, 2017 жылы еліміз өз жерінде АрМИ-дің 6 байқауын өткізеді. Оның ішінде екеуі жаңа байқау. Сонымен, Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына алғаш рет броньдалған автомашиналардағы ралли, сондай-ақ, әйел әскери қызметшілерге арналған көпсайыс арнайы байқауы қосылады. Армия ойындарының қазіргі байқауларының ішінен келесі жылы әскери аспазшылардың «Далалық ас үй», кинологтардың «Адал дос» сайысы, артиллерияшылар мен мергендердің «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» жарыстары өтеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"