Қазақстанның әскери қызметшілері Эльбрус шыңын бағындырды

Армия халықаралық ойындары шеңберінде Кабардин-Балқарда «Эльбрус шығыршығы» байқауы аяқталды.  Сайысқа Қазақстан, Ресей, Қытай және Иранның командалары қатысты.

Жарыстың 10 күні ішінде қатысушылар биіктіктердің үлкен құламалары бар ұзындығы 105 шақырымдық бағдардан өтті, таулы өткелдерді, мұз айдындарын, өзендерді еңсерді. Сондай-ақ, еуропалық құрлықтың жоғары нүктесі – Эльбрус тауының шыңына шықты. Қазақстандықтар бұл сайыста үшінші орын иегерлері атанды.

 «Тек жоғары кәсіпқойлық, рух пен ерлік күші ғана сайыс қатысушыларына бағдардың барлық қиындықтарына төтеп беруге және Эльбрус шыңында туларын желбіретуге мүмкіндік берді.  «Эльбрус шығыршығы» халықаралық байқауы серіктестік қарым-қатынасты дамыту, әртүрлі елдердің қарулы күштері арасында сенім мен өзара түсіністікті нығайту үшін қарымды ынталандыру болды», - деп РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Николай Панков атап өтті. 

Армия халықаралық ойындарындағы қызу тартыста қазақстандық десантшылар тағы бір күміс медальдар жиынтығын жеңіп алды. Новороссийсктің маңындағы Раевский полигонында «Десанттық взвод» халықаралық байқауы аяқталды.  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командасы Қытай мен Белоруссияның командаларынан оза шауып, дүбірлі додада екінші орынды еншіледі. Парашюттік-десанттық және десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің «Десанттық взвод» халықаралық байқауы 4 кезеңде өтті.  Сайыстарға Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қытай, Иран, Мысыр және Венесуэланың әскери қызметшілері қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"