Қазақстанның әскери қызметшілері «Аспан кілті» байқауының аталымында үшінші орынға ие болды

АрМИ-2016 Армия халықаралық ойындары шеңберінде өткен «Аспан кілті» зениттік-зымыран әскерлері жауынгерлік есептоптарының  далалық машығы бойынша байқаудың ақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

«С-300ПС зениттік зымыран жүйесі» номинациясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшінші орынды еншіледі.  Бірінші орынды Ресей Федерациясының командасы иеленсе, екінші орынды Беларусь Республикасының командасы жеңіп алды. «Өткізілген жарыс бізге жауынгерлік жағдайдағы есептоптар мен экипаждардың шынайы іс-қимылдарын көрсетті. Ұрыс машиналарын жүргізу, есептоптың техниканы жауынгерлік әзірліктің әртүрлі, яғни, жорықтық және жауынгерлік дәрежелеріне көшіру шеберлігі бойынша байқау кезеңдері бізге жақсы тәжірибе берді.  Мен барлық конкурсанттарға қызметте үлкен сәттілік, мықты денсаулық, орта жолда тоқтап қалмай, алға қарай ілгерілеп, әскери шеберлік пен жауынгерлік дағды тұрғысында шыңдалуларына тілектеспін», - деп ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов атап өтті. Байқау соңында қатысушы командалардың жауынгерлік есептоптары «Армавир» және «Қабан» зымыран нысаналары бойынша зениттік басқарылатын зымырандарды, елестетілетін аэродинамикалық және баллистикалық межелерді іске қосумен әуе нысаналары бойынша әуе шабуылына қарсы ұрыс жүргізді. Меймандар С-300 ЗЗЖ жауынгерлік зымырандарының іске қосылуын, әуе және жерүсті нысаналар бойынша «Панцирь-С» ЗРПК-ның оқ атуларын, сондай-ақ, басқарылатын зымырандарды іске қосумен МиГ-29 жойғыштары арасындағы әуе «шайқасын» және Ту-22М3 және Су-34 ұшақтарының жерүсті нысаналар бойынша бомба лақтыруын тамашалады. «Аспан кілті» халықаралық сайысы алты байқау кезеңі бойынша өткенін естеріңізге сала кетейік. Атап айтқанда, шынайы авиацияны белгілеумен қарсыластың әуе соққысына тойтарыс беру, іске қосу қондырғысын оқтаумен зымырандардың іске қосылуын елестету, механик-жүргізушілердің жарысы, зениттік зымыран дивизионының маневр жасауы және жауынгерлік іске қосулармен әуе қарсыласының соққысын тойтару. Сайыс жеңімпаздарына Ресей Федерациясы  әуе-ғарыш күштері қолбасшылығының өкілдері және шетел мемлекеттерінің әскери сарапшылары өкілдерінің қолынан бағалы сыйлықтар – УАЗ «Патриот» автомобилі, квадроциклдар, скутерлер, компьютерлік ноутбуктер табыс етілді.  Әр командаға естелік кубоктар тапсырылып, медальдар және атаулы грамоталармен марапатталды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"