Қазақстандықтар армия ойындарын тікелей көрсетілімде тамашалай алады

Қазақстандағы Армия халықаралық ойындарының ресми ашылу рәсімінде болу, сайыс барысын бақылау, алдағы байқаулардың ең көзтартар және қызықты сәттерін көру – мұның барлығын тікелей көрсетілімнің арқасында көруге болады.

Барша АрМИ-2016 сайысын көремін деушілер үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz. ресми сайтының «АРМИ ОЙЫНДАРЫ-2016» бөлімінде онлайн көрсетілім ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, ойындар күн сайын отандық «KAZsport» телеарнасында көрсетіледі. Ертең Қазақстанда Армия халықаралық ойындары – 2016 додасы бастау алатынын естеріңізге сала кетейік. Еліміздің аумағында АрМИ бағдарламасының екі байқауы өтеді. Ол: «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі». Тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында «Гвардейск» полигоны әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік мергендер мен артиллерияшылардың ірі сайысы өрістетілетін орынға айналады. Жарысқа 12 елден, яғни, Қазақстан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Грекиядан 270-тен астам әскери қызметші қатысады. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"