Қазақстандық әскерилер Эльбрус шыңын бағындырмақ

Қазақстандық әскерилер «Эльбрус шеңбері-2016» халықаралық әскери тау жарысына қызу дайындық үстінде.

12 барлаушыдан құралған десанттық шабуылдаушы әскерилердің Талдықорған қаласындағы барлау полк тау тобы намысты қолдан бермей, биіктігі 5642 метрлік Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусты бағындыру үшін осы тау бөктеріндегі Теріскол қалашығында күн-түн демей дайындық жүргізуде. Олардың аға жетекшісі – әлемнің 8 мың метрлік 8 шыңын бағындырған Қазақстанның аты аңызға айналған альпинисті, аға жаттықтырушы және аға лейтенант Мақсұт Жұмабаев. 
- Дайындық жүретін 11 күн ішінде біздің әскерилер арнайы тау жаттығуларын жасап, таумен 85 шақырым жаяу жүріп өтеді. Осы арнайы тау тапсырмаларын орындау үшін ұзақ уақыт дайындық пен төзімділік және мінез керек. Бұл жағынан біздің жігіттер бабы да келіскен және рухани мықты. Сондықтан жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне сенім мол, - дейді аға жаттықтырушы. 
Еуропаның ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретіп, жарысқа қатысатын 5 мемлекеттің ішінде бәйге жүлдесін қанжығасына байлар барлау тобының сарбаздарына сәттілік тілейміз! 

Аманжол Рахметов, 
48386 әскери бөлімінің тау және 
арнайы дайындық нұсқаушысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"