Қазақстандық әскери қызметшілер барлау күштері мен құралдарының «Іздеу-2021» оқу-жаттығуына қатысуда

Бұл арнайы оқу-жаттығу бірлескен операцияларға дайындалу және оларды өткізу мүддесінде барлауды ұйымдастыру және оларды өткізу мәселелерін пысықтауға бағытталған.

Тәжікстандағы «Харбмайдон» полигонында әскери маневрлер өрістетілуде.
Оқу-жаттығу шеңберінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті күштер мен құралдарды пайдалана отырып, күрделі және әр түрлі міндеттерді пысықтау жоспарланған.
Оқу-жаттығуда бірқатар оқу мәселелері пысықталады. Атап айтсақ, бірінші кезеңде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің барлау күштері мен құралдарын әскери-саяси ахуалдың шиеленісуі орын алған жағдайда қолдану, барлау органдарын мақсатқа қарай тапсырмалар орындауға дайындау ұйымдастырылады.
Екінші кезеңде барлау бөлімшелері ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің заңсыз қаруланған құралымдарын бұғаттау және оларды жою жөніндегі бірлескен операция барысындағы барлау жүргізу мәселелері пысықталады. Қазақстандық әскери қызметшілер ҰҚШҰ-ға мүше басқа мемлекеттердің барлау бөлімшелерімен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, барлау және арнайы тапсырмаларды орындайды.
«Іздеу-2021» арнайы оқу-жаттығуы «Жауынгерлік бауырластық-2021» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өтуде.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"