Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы Күштердегі жаңа оқу жылы  «Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі!» ұранымен өтеді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші басшылары өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық жаңа оқу кезеңінің алғашқы сабағы болды.

Барлық санаттағы әскери қызметшілерге армияның өткен жылдық  қорытындылары мен жетістіктері жеткізілді, сондай-ақ жаңа оқу жылына міндеттер қойылды. Олардың арасында әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау, жауынгерлік даярлық пен жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру, бітімгершілік қызметті қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту және басқа да бірқатар әлеуметтік аспектілер бойынша мәселелер бар.
Апта бойы барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде өткізілетін тактикалық-арнайы сабақтар ақпараттандыру жүйесінің сапасын, штабтардың үйлесімді жұмысын тексеруге, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіруге бағытталады.
Қарулы Күштердің басшылығы оқу жылының басталуында барлық мәселелерді толық пысықтау қажеттігі туралы нұсқаулар берді. Пандемиямен және карантиндік іс-шаралармен байланысты шектеулер жағдайында бөлімшелердің қызметіне баса назар аудару керек.


В Вооруженных Силах Республики Казахстан начался новый учебный год

Новый учебный год в Вооруженных Силах проходит под девизом «Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі!». Государственно-правовая подготовка, которую провели первые руководители воинских частей и учреждений, стала первым занятием нового учебного периода.

 До военнослужащих всех категорий доведены итоги и достижения армии за прошедший период, и поставлены задачи на новый учебный год. Среди них вопросы по поддержанию высокой боевой готовности войск, совершенствованию боевой подготовки и полевой выучки личного состава, обеспечению миротворческой деятельности, укреплению морально-психологического состояния военнослужащих и ряд других, в том числе социальных аспектов.

          Тактико-специальные занятия, которые в течение недели будут проведены во всех воинских частях и учреждениях нацелены на проверку качества системы оповещения, слаженной работы штабов, совершенствования уровня взаимодействия органов управления, соединений и воинских частей.

          Руководством Вооруженных Сил даны указания о необходимости полной отработки всех вопросов начала учебного года. Основной упор следует сделать на деятельность подразделений в условиях ограничений, связанных с пандемией и карантинными мероприятиями.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

На вооружение украинской армии приняты дальнобойные крупнокалиберные винтовки Snipex T-REX и Snipex ALLIGATOR

 Наземные дроны казахстанской армии

Наземные дроны казахстанской армии