Қазақстан Республикасына қызмет етемін

Алматы  қаласының авиациялық базасында «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» онкүндігі аясында  әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, қашқындық, әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тартуды болдырмау мақсатында әскери қызметшілер арасында сабақ өткізілді.

Еліміздің Қарулы Күштері – оқшауланған ұйым емес, қоғамның негізгі ажырамас бөлігі екені баршаға мәлім. Алматы қаласының тарихында «Қаңтар трагедиясы» деп қалған оқиғалардан кейін әскерилер еңбегінің беделі мен қадірін түсірмеу басты қаперде.

Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин: Еліміздің Конституциясының 36 бабына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның әр азаматының ардақты борышы және міндеті. Ерлан Мырзалин сарбаздарға әскери қылмыс санатына жататын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 18 - тарауында «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды» 441-бап «Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету», 442-бап «Қашқындық», 443-бап «Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту», екенін жеке құрамға жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жарғылары әскери қызметшілердің әскери қызмет атқаруының қатаң тәртібін туралап анықтаған.
Мерзімді әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысының талаптары тағы да жеткізілді. Әскери тәртіп бөлімнің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі екені, әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны - Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына шексіз адалдығына негізделетіні ерекше аталып өтті.

 Майор Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"