Қазақстан 19 елдің армиясы арасында үздік үштік қатарына кірді

Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысында аралық қорытынды бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы көш бастап келеді. Әскери қызметшілеріміз  21 байқауға қатысуда. Бұл ретте олардың төртеуінде бірінші орында тұр. Ол: «Теңіз кубогы», «Мерген шебі», «Артиллериялық оқ атулар шеберлері» және «Десанттық взвод».

Теңізшілерден, мергендерден, артиллерияшылар мен десантшылардан танкішілеріміз бен мотоатқыштарымыз қалыс қалар емес. Олар көшбасшы позициясында сенімді тұр. Өздерінің сайыстарында алғашқылардың үштігінде кинологтар, жөндеу взводтары мен зениттік-зымыран әскерлерінің жауынгерлік есептоптары, барлаушылар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары, таулы бөлімшелер, әскери дәрігерлер мен теңіз жаяу әскерлері.   Шетелдік әріптестердің бағасы бойынша әскери қызметшілерімізге  үздік нәтижелер көрсетуге жақсы кәсіби дайындық деңгейі, оның үстіне жоғары жауынгерлік және командалық рух көмектесті. Сөзсіз, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасының көрнектілігі де басымдылық беріп тұр. 600-ге жуық әскери қызметші ойындарды ұйымдастырушы команда мен Қытайдың құрамасынан жеңіліп, 23 байқаудың 21-іне қатысуда. Бірінші күннен бастап әрбір байқауда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген дәл осы командалар әскери қызметшілерімізге негізгі бақталас болып отыр. Армия халықаралық ойындары – 2016 бір апта бұрын шымылдығын түрген болатын. Бұл уақыт ішінде Ресей мен Қазақстанның әскери полигондарында жеңімпаз атағы үшін үш континенттен 19 мемлекет армиясының өкілі, 3 000 әскери қызметшінің ымырасыз тартысы қызу жүріп жатыр. Алайда, кейбір байқаулар қызу өтіп жатса, өзге сайыстардың басталуына әскери қызметшілер енді ғана қамдануда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"