ҚР Қарулы Күштері қатарын толықтырғандар ант қабылдады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде әскер қатарын толықтырғандар әскери ант қабылдады.

Бұл күні 500-ге жуық мерзімді қызметке шақырылған әскери қызметші Отанға адал болу үшін ата-аналарының, командирлері мен қызметтестерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және ҚР Қарулы Күштер ардагерлерінің алдында ант қабылдады. Олар қасиетті борышын өтеу үшін Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарынан келді. Әскер қатарын толықтырғандар медициналық комиссиядан өтті. Тәжірибелі дәрігерлер мен психологтар әскерге жаңа шақырылғандардың моральдық-психологиялық жағдайы мен денсаулығын анықтай отырып қатаң іріктеуден өткізді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтыра отырып олар Отанды қорғаудағы қасиетті әскери міндетін атқарады және елге  қалтықсыз қызмет етеді. Қазіргі уақытта армияға дені сау, білімді, сонымен қатар моральдық тұрғыда берік жастар алынуда. Олар біздің даңқты жауынгерлік дәстүріміздің лайықты мұрагерлері, сондай-ақ елімізді кірпік қақпай қорғауда қызмет етудің тамаша үлгісі болары анық. Әскери ант – әскерге шақырылушының алдындағы ерекше маңызды сәт, себебі Отан алдында адал болу үшін ант қабылдаған сәттен бастап оның өмірінде нағыз әскери қызмет басталатынын айта кеткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"