«Отбасы күнін» тойлап шықты

Әрбір қазақстандық отбасыларға арналған «Отбасы күнін» тойлау әрбір отбасының өздеріне ғана тиесілі мереке екені  сөзсіз.

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. 

Соның бірі біздің бөліміміздің әскери қызметшілері - аға лейтенант Н.Мукаев пен капитан А.Мукаева нәрестелі болып, тағы бір Қазақстандықтар қатарына мықты да өнегелі бір отбасы ретінде  еніп отыр. Олардың тәрбиелеп отырған сәбиі келешекте осындай керемет жандардың арқасында өнегелі азаматшалардың бірі болатына сендімін. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек. Айта келе, 63310 бөлімінің әйелдер кеңесінің атқарып жатқан істері көптен көп. Олардың бірі  «Отбасы күніне» арналып бөлімнің жеке құрамына отбасы құндылықтары туралы тәрбие сағаты өткізілді. Жаңадан отбасы құрған капитан М.Токбергенов пен лейтанант Е. Шерханның үйлену тойларына құттықтау хаттар жіберіліп,  үйлеріне шолу жасалып,  отбасыларының ұйытқылары болып отырған жұбайларымен танысты.

Қорытындылай келе, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген,  мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"