Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әскери госпитальдар елдің денсаулығын сақтау үшін COVID-стационарларымен жабдықталды

Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде өткен апта қорытындыланып, таяу кезеңге міндеттер жүктелді.

Бас қолбасшылар мен қолбасшылар өткізіліп жатқан жауынгерлік даярлық іс-шаралар, «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін тексеру барысы, Құрлық әскерлері оқу-жаттығу орталығының кіші мамандарын дайындау мен олардың әскери бөлімдерге бөлу туралы баяндады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы Күштердің түрлі бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік оқу-жаттығу барысында өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға назар аударды. Атап айтсақ, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысына әскери міндеттерді орындауда, оқу-жаттығулар мен атыс жүргізу кезінде Құрлық әскерлерімен неғұрлым өзара тығыз іс-қимылды ұйымдастыруға нұсқау берді.
Еліміздің батыс өңірлеріне жұмыс бабымен барған кезде Қорғаныс министрі, әскери объектілердің үстінен дрондар мен ұшқышсыз ұшу құрылғыларының рұқсатсыз ұшуына жол бермеушараларын күшейту туралы міндеттер қойды. Осы мақсатта тәуліктік наряд адамдарының қырағылығын арттыру, дрондарға қарсы мылтықтарды, радиоэлектрондық күрес құралдарын, сондай-ақ қарулы мобильді топтарды қолдану айтылды.
Күннің жылынуына қарай,су тасқыны, сондай-ақ, таулы жерлерде қар көшкінінің орын алуы мүмкін.Осыған байланысты, бас қолбасшыларға Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерімен өзара тұрақты іс-қимылды ұйымдастыру, табиғи аппаттардың салдарын жою үшінжұмылдырылуға тиісті күштер мен құралдардың есебін нақтылау тапсырылды. Бұған ауыр әскери көліктер, неғұрлым даярланған әскери қызметшілер мен әскери-медициналық персонал тартылады.
Бұдан басқа да, әскери қалашықтардағы тұрғындардың және жауынгерлік даярлық сабақтары өткізілетін аудандардағы, әсіресе таулы жерлердегі жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің сұрауына сәйкес, өткен жылдағыдай инфекциялық стационар ретінде елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталь мен Алматыдағы әскери-клиникалық госпиталь жабдықталды. Онда  жалпы 300 төсек орналастырылған.Бас әскери-медициналық басқарма бастығының айтуынша мекемелер алғашқы пациенттерді қабылдай бастады.
Барлық әскери госпитальдар мен ауруханалардың COVID-19-ға қарсы іс-шараларда қорғаныс ведомствосының басшысы, халықтың денсаулығын сақтауға көмектесу үшін дайындық жүргізуді тапсырды.
Өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандарды дезинфекциялау үшін РХБЗ әскерлерінің бөлімшелері мен әскери техникасын жұмылдыру мүмкіндігіне назар аударылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"