Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әскери ант қабылдады

2016 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Қазақстанның барлық әскери гарнизондарында 2016 жылдың күзінде шақырылған 2500-ден аса жас сарбаз туған-туысқандары, командирлері, Ұлы Отан соғысы, локальді шиеленіс және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері алдында Отанға адал болуға ант берді. Салтанатты шараға 5000-нан аса адам қатысты.

Қонақтардың назарына қоян-қолтық ұрыс бойынша әскери қызметшілердің көрсетпелі көрсетілімдері, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдердің элементтері ұсынылды. Жас сарбаздардың туысқандары мен меймандар олардың қызмет өткеру жағдайы және тұрмыстарымен танысып, сонымен қатар, бөлім командирлерімен кездесулер ұйымдастырылды. «Алдағы уақытта ұлым әскердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысады. Ол анасы екеуімізге әскери істі адал зерделеуге тырысамын деп уәде берді. Бүгін біз балаларымыздың орналасу мен тамақтану жағдайын өз көзімізбен көрдік.

Тіпті, әскерде берілетін тамақтың дәмін де татып көрдік. Өз атымнан барлық шақырылушыларға мықты, табанды және ең бастысы – тату болсын деп тілек білдіргім келеді», - деді мерзімді сарбаздың әкесі Алтынбек Қасымханұлы. «Менің отбасымда әскери қызмет туралы үнемі айтып жүретін әкем мен ағам әскери қызметін өткерген. Мен мінез-құлқымды шыңдап, барлық қиындықтарға әзір болғым келеді. Енді әрі қарай елімнің игілігі үшін қызмет еткім келеді.

 Қазақстанның Қарулы Күштері қатарына кіргеніме өте қуаныштымын. Барлық бозбалалардың атынан өз Отаныма адал қызмет етуге ант етемін және барша қазақстандықтарды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Бізге аса жауапкершілікпен жүктелген үкілеген үміттеріңізді адал және абыроймен атқарамыз деп сеніммен айта аламын. Барлықтарыңызға мықты денсаулық және сәттілік тілейміз!», - деді шақырылушы Артур Локтионов.

 Әскери ант – бұл нағыз әскери қызмет пен Отанға адал қызмет етуден басталатын ерекше әскери жөн-жоралғы және шақырылушы үшін маңызды әрі жауапты сәт екенін айта кетейік. Әскери ант әскери қызметшілерден әскери қызмет міндеттерін мінсіз орындауды, оған сеніп тапсырылған қару мен жауынгерлік техниканы шебер қолдануды талап етеді. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"