Мерзімді қызмет атқаруға аттанды

Бүгінде азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру қызу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының жиын пунктіндегі жас сарбаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 2020 жылғы көктемгі шақырылымның жас толымы болып аттанды.

Сарбаздар Әскери ант қабылдағаннан кейін Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерде әскери қызметтерін атқарады.

Қарулы Күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге аса көңіл бөлінуде.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ерболат Жүсіпов былай дейді:

- Биылғы жылы ел Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 30 сәуірдегі №312 Жарлығы бойынша көктемгі әскерге шақыру науқанының өткізілу уақыты ұзартылып, азаматтарды әскерге жөнелту мерзімі тамыз айына дейін созылатын болады. Наурыз-мамыр аралығындағы болған елдегі карантин шаралары уақытында мерзімді әскери қызметке шақыру уақытша тоқтатылып, мамыр айының аяғында қайта басталды. Мамыр-маусым айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара әскерлері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімдерін жас сарбаздармен толықтыру жоспарлы түрде орындалды. Әскери бөлім командирлерінен біздің жөнелткен елордалық сарбаздарымыздың үздік қызметтері мен елдің қорғаныс қабілеттілігіне қосып отырған еңбектері туралы алғыстары да келіп отыр.  

Шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінде қызметін аяқтаған сарбаздардың орнына жас толымды жөнелте бастадық. Шақырылатын жастарымыз Қапшағай қаласындағы десанттық-шабуылдаушы әскерлер және Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскері әскери бөлімдері секілді элиталық бөлімдерге барады. Сонымен бірге механикаландырылған бригадалар мен Әуе қорғанысы күштері бөлімдерін 18 бен 27 жас аралығындағы жастармен толықтырамыз.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России готовят преемника Ан-2

В России готовят преемника Ан-2

Беспилотный автомобиль Guardium - инфографика

Беспилотный автомобиль Guardium - инфографика