Көктемгі әскерге шақыру және запасқа шығару туралы Қорғаныс министрлігінің пікірі

2021 жылдың сегізінші ақпанында ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылғы наурыз – шілде және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар көрсетілген кезеңде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
Осы мерзімде белгіленген қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі сарбаздарды запасқа шығару өтеді. Әскери бөлімдерден кетер алдында, алдын алу мақсатында олар ПТР-зерттеуден өтеді.
Оларға кез келген санаттағы пойыздың плацкарт вагондарында жол жүру құқығы беріледі. Қорғаныс ведомствосының есебінен межелі пунктке дейін жүру уақытын ескере отырып, олар қорғаныс бет перделерімен, антисептиктермен және тамақпен қамтамасыз етіледі.
Көрсетілген кезеңде қызмет өткерген мерзімді қызметтегі адамдарды жөнелту, қайта отырғызу және қарсы алу орындарында құқықтық тәртіпті сақтау үшін әскери полиция мен Ішкі істер министрлігі  органдары бірлесіп қызмет атқаруды ұйымдастырады.
Тіркелген жеріне келіп, запасқа шығарылған әскери қызметшілер күнтізбелік жеті күн ішінде әскери есепке тұруға міндетті. Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталдары арқылы алуға болады.
Алдын ала деректер бойынша, 2021 жылы Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарынан босатылғандар саны 33 000-нан астам, ал әскерге шақырылғандар саны 32000-нан астам азаматты құрайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Airbus тестирует ударный самолёт на базе транспортника C295

Airbus тестирует ударный самолёт на базе транспортника C295

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года

Тезисы из статьи Президента Касым-Жомарта Токаева «Тəуелсіздік бəрінен қымбат», опубликованной 5 января 2021 года