Халықаралық Армия ойындары: Пікір мен пайым

   10216 әскери бөлімі командирінің орынбасары (бас инженер) подполковник Дмитрий Шевченко:

 Халықаралық армия ойындары жыл санап өзінің маңызы мен салмағын арттырып келеді. Ресейдің өз ішінде өтетін «Танк биатлонынан» бастау алған бәсекенің байрақтық дәрежеге көтерілуі әлем елдерінің ынтымағын арттырып қана қоймай, әскери қызметшілердің кәсібиліктерін де шыңдай түсті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылатын шараның екі аталымы Қазақстанда өтетінінен көпшілік хабардар деп білемін. Сол жөнінде кеңірек тоқталсам, «Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» байқаулары үшін Драгуновтың мерген винтовкасы, 120 мм 2Б11 минаатқышы және көп нысаналы жеңіл броньдалған тартқыш (КЖБТ) белгіленді. Талаптарға сәйкес, бекітілген үлгілерге баламалы болған жағдайда қатысушыларға өздерінің қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалануға рұқсат етілген. Осыған орай, Ресейден өзге елдердің әскери қызметшілерінің барлығы қазақстандық тараппен ұсынылған техника және қару-жарақпен жарыстарға қатысатын болады. Байқауларға өзінің қару-жарағы және техникасымен тек Ресей қатысады. Себебі, дәл сондай үлгілері бар. 

Үздік мергендер мен артиллерияшылар «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында бәсекеге түсіп, бақ сынасады. Екі байқауды өткізу үшін ол жерде қажетті инфрақұрылым дайындалып қойды. Артиллерияшылар байқауы үшін кедергілері бар ұзындығы 2 шақырым тас жолдар, мергендер байқауы үшін мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолы мен шептерінің элементтері бар тас жол әзір. Бүгінде қатысушы командалардың алды полигонға табан тіреп, жаттығуларын бастап кетті.

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штабтар бастығы полковник Талғат Қабдыбекұлы Исмаилов:

 – Халықаралық армия ойындарының негізі де, тартысы да, қызығы да «танк биатлонында» екені анық. Мұнда әрбір елдің сарбаздарының кәсібилігі, шеберлігі, жылдамдығы айқын аңғарылады. Бұл бәсеке қазақстандық жауынгерлерге таңсық емес. Біз әскери спорттың бұл түрінен күш сынасқанда тек белсенділік танытамыз. Және алғашқы үштіктен түскен емеспіз. Биылғы додада да былтырғы деңгейден түспейміз деп сенемін. «Танк биатлонында» еліміздің Қарулы Күштері бойынша үш экипаж құрамында 10810 әскери бөлімінің танкішілері өнер көрсетеді. Біреуінің құрамында «Астана», «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының өкілдері бар. Бұлар – қазақстандық армияның төрт үздік танк экипажы. Өйткені, олар әскери бөлімдер арасында, содан кейін өңірлік қолбасшылықтар мен Құрлық әскерлері деңгейінде іріктеуден өтті. Әрқайсысының практикалық тәжірибесі мен шеберліктіне күмәнмен қарай алмаймыз. Осыған қарап, қазақстандық команданың жеңіске жетуіне барлық мүмкіндік бар деп айта аламын.

Он жеті команда қатысатын сайыс бағдарламасы танкішілерге үш күрделі кезең дайындап отыр. Ең алдымен жеке жарыс. Оған барлық командалар қатысады. Екініш кезеңде эстафета. Оған 12 команда қатысады. Ал үшінші кезең – соңғы эстафета. Мұнда жеңімпаз атағы үшін 4 мықты команда бақ сынасады. Сол соңғы бәсекеде біздің жігіттеріміз көрінсін деп тілейік.

 ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы полковник Тимур Әбішев:

 – Жыл сайын Ресей Федерациясында өтетін Халықаралық армия ойындары биыл дәстүрлі жалғасын таппақшы. Байрақты әскери бәсекенің беделі де ТМД және әлем жұртшылығына танылып үлгергенін мойындаймыз. Ең бастысы, бұл додада қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің кәсіби тұрғыда мықты екендіктерін паш етті. Біздің Қарулы Күштеріміз, әсіресе, «Танк биатлоны» мен «Авиадартс» әуе сайысында қарсыластарын қаймықтырудан шаршаған емес. Тіпті, бәсекелестеріміз санаулы десек, мақтанғанымыз емес.

Қатысушылардың саны жағынан армиялық ойындардың ең ірі жарысы болып саналатын «Танк биатлонында» қазақстандық танкішілер өткен жылы Ресей мен Қытай сарбаздарымен соңғы мәреге дейін сайысқаны есімізден шыға қойған жоқ. Ал, Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшқыштары МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтар және тікұшақтарымен ұшу шеберліктерін көрсетіп, Ресей, Беларусь және Қытайдың ұшу экипаждарымен «аспан қожайындары» атағына күрескен. Каспийдің Ресей су айдындарында бұл сәтте теңізшілеріміз «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінде және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы «Теңіз биатлонында» шеберліктерін көрсетіп сайысты. Былтыр осы дода бойынша-ақ әуселемізді әлем таныған. Биыл да осы жетістігімізді еслейміз деген үміттемін.

 Ұшқыш-капитан Григорий Кондратюк:

– Өткен жылдың күзінде Бурабайда өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінен соң ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездескені мәлім. Осы басқосуда биыл өтетін Халықаралық армия ойындары төңірегінде сөз болғаны да есімізде. Еліміздің қорғаныс саласындағы даму мен ілгерілеудің әсері болар, сол кездесудің нәтижесінде бұдан былай Қазақстан ТМД аумағында беделі зор армия ойындарының екі кезеңін қабылдайтын болды. «Сайысу рухы оларға сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақты қолданудың іс жүзіндегі аспектілерін тереңірек меңгеруге  ықпал етеді. Оның үстіне мұндай іс-шаралар жеке құрамның жауынгерлік рухын арттырады» деген Қорғаныс министрі.

Расында, Халықаралық армия ойындары жыл санап ауқымы мен маңызын арттырып келеді. Қуантатыны, Қазақстан Қарулы Күштерінің әр құрылымы байрақты бәсекеден шет қалғысы жоқ. Айталық, біздің команданың құрамындағы 511 әскери қызметші 21 байқауға қатысады екен. Байқауға қатысу үшін іріктеу турларына шамамен 6 мың адам тартылған. Бұл дегеніңіз, біздің жауынгерлердің ынтасы мен талабының зор екенін байқатады. Тағы бір қуантатын жәйт, Қазақстанда өтетін армия ойындарының екі байқауына қатысушылардың тамақтануы ұлттық ас мәзірінің ерекшеліктері ескеріле отырып ұйымдастырылады екен. Яғни, күн сайын қатысушыларға қосымша ұлттық тағамдар – бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт, шикідей қақталған ет, жылқы етінің тілімдері (қазы-қарта, жая) ұсынылатын болады.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"