«Гвардейск» полигонына әлемнің үздік мергендері мен артиллерияшылары келді

Қазақстандағы «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонына Ресей, Қытай, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Моңғолия және ОАР-дың үздік мергендері мен артиллерияшылары келді. Команда құрамында олардың барлығы «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқауларына қатысады.

Алайда, бұл әлі қатысушылардың толық тізімі емес. Сайысқа барлығы Қазақстанды қоса есептегенде, 13 ел қатысуға ниет білдіріп отыр. 28 шілде күні сайыс өтетін жерге Қырғызстан мен Үндістанның соңғы командалары келетін болады. Жарыс өтетін орынға жиналған әскери қызметшілер орналастырылды. Командалар алғашқы жаттығуларға кірісіп те кетті. Оқ ату қаруының атысын байқап көрді. Жеңіл броньдалған көп нысаналы сүйретпені жүргізу, минаатқыштан оқ ату бойынша сабақтар өткізді. «Гвардейск» полигонына енді ғана келіп жатқандармен ұйымдастырушылар брифингтер мен кеңестер өткізуде. Байқауларды өткізу үшін қазақстандық полигонда барлық қажетті инфрақұрылым дайындалып, жаңғыртылды. Артиллерияшылар үшін кедергілері бар ұзындығы 2 шақырым тас жолдар, мергендер үшін мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату, гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолы элементтері және шептері бар тас жол. Қару-жарақ пен техника туралы айтатын болсақ, байқаулар үшін Драгуновтың мерген винтовкасы, 120 мм 2Б11 минаатқышы және жеңіл броньдалған көп нысаналы сүйретпе (ЖБКС) белгіленді. Үлгілер қазақстандық тараппен ұсынылады. Себебі, бекітілген үлгілердің техникалық сипаттамалары толық сәйкес келген жағдайда ғана командаларға байқауда өзінің қару-жарағы мен техникасын пайдалануға рұқсат етіледі. Осылайша, 12 ел қазақстандық техникамен өнер көрсетеді. Өзінің қару-жарағы және техникасымен байқауларға тек Ресей ғана қатысатын болады. Қазақстанда өтетін артиллерияшылар мен мергендердің ауқымды халықаралық байқауының басталуына бір апта уақыт қалды. Байқаулар Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде өтеді. 2 тамыздан бастап «Гвардейск» полигоны мерген және артиллерия шеберлерінің ірі сайыс алаңына айналмақ.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"