Жастар жылына арналды

Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен ашылған жастар жылының аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ШҚО Таврия орта мектебінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің көздегені – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге және азаматтық борышты орындауға әзір, өз Отанына адал, патриот ретінде мақтаныш сезімі күшті дамыған әлеуметтік-белсенді тұлғаны тәрбиелеу. Әскерилер қоғамның қозғаушы күші – жастардың қолында мемлекеттің болашағы тұрғанын, жастар жылы жастарға арналып, жастардың нақты мәселелерін шешетін жыл болатынына сенім білдірді. Еліміздің шекарасын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1993 жылы 26 сәуірде құрылған 27943 әскери бөлімі туралы баян етілді. Әскери бөлімнің әрдайым алдыңғы шептен көрініп, батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, еліміздің стратегиялық маңызды аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауынгерлік міндетті абыроймен атқара беретіні де айтылды. Мектептің жалынды жастары – «Жас ұлан» ұйымының мүшелері де лебіздерін жеткізді.

   Қатардағы жауынгер Абай ТАҢАТОВ, атқыш зенитші: «Таврия орта мектебіндегі кездесуден ерекше әсер алдым. Бұл жерде Елбасымыз сенім артып отырған жастардың білім алуы, жұмыспен қамтылуы, баспаналы болуына қатысты салиқалы ой-пікірлер көңілімді шын қуантты. Талапты да, талантты оқушылардың өскенде дара тұлға боларына нық сенімдімін. Шара барысында мына бір өлең жолдары туындады:

   Жасай бер, жалынды жас, шарықтағын!

Тырнадай бірлестікпен қалықтағын!

Еңбек ет, еңбек еткін ерінбей тек

Еш уақыт адал істен жалықпағын!»

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"