Жасақтау жұмыстары жалғасуда

ҚР Президентінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі 312-ші Жарлығы негізінде Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасында азаматтарды әскер қатарына шақыру жұмыстары одан әрі жүргізіліп жатыр

Көктемгі әскерге шақыру мерзімі басталған кезеңнен бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен құрылымдарына, ҚР ІІМ Ұлттық ұланына, ҚР ҰҚК шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне Семей қаласынан 18-27 жас аралығындағы 150-ден астам адам жіберілді. Елімізде енгізілген карантинге байланысты санитарлы-гигиеналық шараларды қатаң сақтау мақсатында жиын пунктерінде медициналық бекеттер жасақталды. Ондағы дәрігерлер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін азаматтардың денсаулығын жіті бақылауда ұстады. Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға да тыйым салынды. Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың штаб бастығы подполковник Бақыт Рахымбаевтың сөзіне жүгінсек, әскерге шақырылғандармен психологиялық жұмыстар, сұхбат жүргізіледі. Басты мақсат – денсаулығы мықты, сондай-ақ, Отан алдындағы борышын өтеуге моральдық тұрғыдан әзір азаматтарды іріктеу. Қазіргі жағдайға байланысты барлық тексеруді тиянақты өткізу қажет, ең маңыздысы – жұқпалы індеттің әскерилердің арасында таралып кетуіне жол бермеу.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Буксируемые гаубицы

Буксируемые гаубицы