«Жас сарбаз» әскери-спорттық патриоттық жиыны басталды

«Жас сарбаз» әскери-спорттық патриоттық жиыны басталды

Алматыда шалғай гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары үшін «Жас сарбаз» әскери-спорттық патриоттық жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімді Спорт комитетінің төрағасы – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Расул Мейірманов ашты. «Биылғы жылы «Жас сарбаз» екінші әскери-спорттық патриоттық жиыны бастау алды. Іс-шараның басты мақсаты әскери-патриоттық тәрбие беру және жастар арасында жаппай спортты дамыту болып табылады. Жиынға қатысу үшін біз спорт пен оқуда нәтижелер көрсетіп жүрген балаларды ғана емес, сонымен бірге, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша керемет көрсеткіштер көрсетіп жүрген ата-аналардың балаларын іріктеп алдық», - деді полковник Расул Мейірманов. Жиын бағдарламасында балалар үшін мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралардың кең ауқымы қарастырылған. Оның ішінде, Алматының көрікті жерлеріне экскурсия жасау, концерттік бағдарламаларды, әртүрлі ойын-сауық байқауларын өткізу, АОСК-ның танымал спортшыларымен кездесу болды. Сондай-ақ Панфилов к. АОСК-ның оқу-жаттықтыру орталығына бір күндік жорық жоспарланды. Онда ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының білікті нұсқаушылары кедергілер жолағын еңсеру, әртүрлі спорттық снарядтардағы жаттығулар бойынша сабақтар, сондай-ақ арқан саябағы мен скалодромда шебер сыныптарын өткізеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи