Жаңа 2017 оқу жылының үш айы ішінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері парашютпен 1 500-ден аса секіруді жүзеге асырды.
Секірулер С-295 әскери-көліктік ұшақтарынан Д-6 парашюттік жүйесімен, сондай-ақ, Ми-17 тікұшақтарынан орындалды. Секірулердің алдында мұқият жерүсті дайындық болды. Оның барысында десантшылар парашютті жинау мәселелерін пысықтап, оқу полигонының базасында ұшақтар мен тікұшақтардың нобайларынан секірулерді орындады. Парашюттік дайындықта әрбір әскери қызметші парашюттік жүйенің жұмыс жасау қағидатын жетік түсінгені маңызды болып келеді.
Өзге аспекті психологиялық әзірлік болып табылады. Парашюттік секірулер алдында жеке құрам рұқсат қағазы болып табылатын психологиялық тестілеуден өтеді. Парашютпен секіру Қазақстан Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады. Ол жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі.