Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды

Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі алғаш рет оқуға түсушілерді қабылдады. Оқуға еліміздің барлық өңірінен 15-17 жас аралығындағы 140 жасөспірім қабылданды.

2021 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының «Жас ұлан» республикалық мектебі Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттарды даярлау мақсатында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж болып қайта құрылды.
Әскери колледжге оқуға түсу төрт кезеңді қамтиды. Олар психологиялық тестілеу, медициналық комиссия, дене шынықтыру даярлығын тексеру, сондай-ақ кандидаттарды қабылдау туралы конкурстық комиссияның қорытынды шешімі.
Қабылдау комиссиясының мүшелері іріктеу барысында әр үміткердің ісін мұқият зерделеді. Қорытынды конкурстық іріктеуде оқуға түсушілердің тізімі жасалды, оның негізінде оқуға 140 адам қабылданды.
Әскери оқу орны жаңа мәртебеде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын үш мамандық бойынша іске асырады. Олар: әскери істегі автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, әскери істегі кіші буын менеджменті. Оқу мерзімі екі жыл он ай.
Колледжде оқу – тегін. Оқушылар жатақханада тұрады және қажетті заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Оқу орнында болашақ әскери қызметшілерді оқыту процесін сапалы ұйымдастыруға және олардың дене бітімін жетілдіруге арналған соңғы үлгідегі оқу-материалдық базасы бар.
Түлектерге мамандық бойынша біліктілігі бар мемлекеттік үлгідегі диплом мен «кіші сержант» әскери атағы беріледі. Олар сержанттар құрамының түрлі лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне жіберілетін болады. Олардың мансаптық өсуі, сондай-ақ көп деңгейлі білім беру жүйесі шеңберінде, оның ішінде шет елде одан әрі оқу мүмкіндіктері бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"