Елордада Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі ашылды

Нұр-сұлтан қаласында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ашылу рәсімі өтті. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев әскери оқу орнының жеке құрамын, оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.      

Ол «Жас ұлан» мектебін әскери колледж ретінде қайта құру туралы шешім бүгінгі таңда сержанттар құрамын даярлау мақсатында Қарулы Күштерде ерекше сұранысқа ие мамандықтар бойынша қабылданғанын атап өтті.          

Елордалық әскери колледжге оқуға 15-17 жас аралығындағы 140 жасөспірім қабылданды.          

Генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев оқушыларға оқуда табыс тіледі. Ол оқу орнының оқытушылар құрамының бай тәжірибесі жоғары білікті әскери мамандарды даярлауға негіз боларына сенімді.          

Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі үш мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Атап өтсек, Әскери істегі автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, Әскери істегі кіші буын менеджменті бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады. Оқу мерзімі екі жыл он ай. Колледжде оқу тегін. Оқушылар жатақханада тұрады және қажетті заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі.            

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"