Еліміздің артиллерияшылары өз есептобының алғашқы тартысында үздік атанды

Армия халықаралық ойындарының ашылуымен бірге Қазақстанда «Артиллериялық оқ ату шеберлері» - «Жеке жарыс» байқауының бірінші кезеңі басталды. Қазақстандық команда байрақты бәсекеге нық қадам басып, алғашқы есептоптың біріншті тартысының көшбасшысы атанды.

Біздің минаатқыш есептобының минаатқыш командирі сержант Ғани Дәулетовтің басшылық етуімен байқауды бірінші болып бастады. Тартысқа сондай-ақ, Қырғызстан мен Ресейдің командалары қатысты. Қатысушылар барынша жылдамдықта «Ирелең» және «Мина-жарылғыш қоршаудағы сорап өткелі» кедергілерін еңсерді. Төрешілер механик-жүргізушілердің дайындығын, олардың қозғалыста маневрлерді жасау шеберлігін тексерді. Бұл ретте кедергіні бұзып өту кезінде әрбір жапырылған шектегіш үшін қатысушыларға айып уақытының 10 секундынан қосылып отырды. Одан кейін командалар РПГ-7В және АК74-тен оқ атуларды орындады. Содан соң есептоптардың командирлері көтерілетін нысана бойынша ПКТ оқшашарынан атысты орындай отырып, атысты бастау шебінде сүйретпелерді тоқтатып отырды. Межеге дейінгі қашықтық 300-400 метрді, оқ-дәрілер саны шағылдырғыш оқтары бар 12 патронды құрады. Дөп тигізілмеген нысанаға 300 метрлік бір айып шеңбері. Бірінші тартыста командалар екі есептопқа бөлінгенін айта кеткен жөн. Бүгін сондай-ақ, Қытай мен Венесуэланың командаларына жеке жарыстан өтуге тура келеді. Олар бірінші сайыстың екінші есептобында өнер көрсетеді. Байқау төрешілерінің айтуынша, бұл тек алдын ала нәтижелер.  Себебі, байқаудың барлық қатысушыларының бірінші кезеңінің қайталанбалы сайысы 4 тамызда өтеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"