Екі облыста аумақтық қорғаныс бригадалары жұмылдырылды

2018 жылға арналған басқару органдары мен әскерлерді даярлау жоспарына сәйкес «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшыларының жетекшілік етуімен Қызылорда және Павлодар облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты аумақтық қорғаныс бригадаларын жұмылдыру және жауынгерлік әзірлікке келтіру, мемлекеттік шекара учаскесінің қорғанысын тасалау ауданына жылжуды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар режимін өткізу және қамтамасыз ету кезінде іс-шараларды орындау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою мәселелері болды. 

Оқу-жаттығу барысында бригадаларды жауынгерлік әзірлікке келтіру, жағдайдың мәліметтерін жинау және талдау, шешім қабылдау, жоспарлау, бағынысты бөлімшелерге жауынгерлік тапсырмаларды жеткізу, мемлекеттік шекара учаскесінің қорғанысын тасалау ауданына жылжу барысында үздіксіз басқару мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде басқару органдарының үйлесімділігін тексеру жоспарлануда. Аумақтық қорғаныстың маңызды тапсырмасы елді мекендерді, маңызды нысандар мен коммуникацияларды күзету мен қорғау, халықты қорғау болып табылатынын айта кету қажет. Мәселен, «Батыс – 2018» оқу-жаттығуы шеңберінде өңірдегі маңызды нысандарды, оның ішінде, түсіру станциялары мен әскерлердің жылжу маршруттарын күзетуді Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс бригадасы жүзеге асырады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи