Десанттық шабуылдау әскерлеріне жолдама

Елордадағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен секірді. Елу офицер мен келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілер Д-1-5У парашютімен оқу-жаттықтыру секіруін орындады.

Ми-17 тікұшағы арқылы 800 метр биіктіктен жауынгер десанттар түсірілді.
-    Бұл қысқы мезгілінде орындалатындықтан күрделі саналады. Бұдан өзге, күрделі секіру түрлеріне түнгі уақытта секіру мен суға секіру түрлері жатады, - деді 68665 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Абай Әлібеков.
Барлаушы-оқшашаршы қатардағы жауынгер Айдын Тоқтаров үшін парашютпен алғаш рет секірген бұл сәт өмір бойы есте сақталады. Сонымен қоса, бұл Десанттық шабуылдау әскерлеріне берілген жолдама.
-    Қорқыныш болғаны рас, дегенмен оны жеңіп, алғашқы секіруді орындадым. Ең қорқынышты кезең – тікұшақтың бортынан секіріп, ашық аспанда қалықтаған кезең. Бұл сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деп әскери қызметші алған әсерімен бөлісті.
Десанттық-шабуылдау бригадасы барлау қызметінің бастығы майор Әлібек Олжабаев жеке құрам күрделі жағдайда парашютпен секіруді орындау дағдыларын жетілдіріп, жүктелген міндеттерді орындауға дайын болуы маңызды екенін атап өтті.
Елордадағы десанттық шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері кәсіби шеберлік деңгейін арттырып, қалықтаған құстай әдемі жерлердің көз тартар әсемдігіне талай сүйсіне алады, себебі әр десантшы жас тобына қарай жылына кемінде алты рет секіруді орындайды.
    Парашютпен секіру жауынгер десантшылар үшін даярлықтың ажырамас бөлігі іспеттес.  Алдағы уақытта әскери қызметшілер парашют жүйесінің құрылымы мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын, негізгі және резервтік парашюттерді түсіру тәртібін үйреніп, оқу-жаттықтыру бойынша секіру элементтерін пысықтаған соң, құрлықтағы тиісті дайындықтар басталады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"