Дене шынықтыру дайындығының тексеріс - байқауы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жауынгерлік даярлық департаментінің  бастығы генерал – майор Даулет Оспанов  бекіткен жоспарға сәйкес еліміздің Қарулы Күштері әскери бөлімдері арасында дене шынықтыру дайындығын тексеріс - байқауы өткізілуде.  Тексерістің басты мақсаты: ҚР ҚК әскери бөлімдер арасында үздік бөлімді анықтау, әскери қызметшілер арасында дене шынықтыру және арнайы қасиеттерді дамыту.  Аталмыш тексеріске Әскер түрлері мен тектерінен 1 командадан қатысып, барлық нормативтер тек әскери киім нысанында тапсырылады.

                 
               Осы тексеріс аясында ӘҚК ӘӘК Алматы қаласында орналасқан авиациялық базаның әскери қызметшілерінің дене шынықтыру дайындығы тексерілді. ӘҚК ӘӘК – нің спорт және дене дайындығы қызметінің бастығы подполковник Алмат Байжанов: «Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы Қасым – Жомарт Тоқаев әскеріміздің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру тапсырмасын қойды, дене шынықтыру дайындығы жауынгерлік әзірліктің басты кепілінің бірі. Дене шынықтыру дайындығын сапалы ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен көп көңіл бөлінетінін атап өтті».


Майор Дархан Кусаинов




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"