«Дала бүркіті» оқу-жаттығуы туралы конференция өтеді

14-16 ақпан күні Лондонда Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Қырғызстан және Тәжікстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің, сондай-ақ НАТО сарапшыларының қатысуымен «Дала бүркіті-2017» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының негізгі жоспарлаушы конференциясы өтеді.

Конференция барысында «Дала бүркіті-2017» оқу-жаттығуын дайындау және өткізудің әкімшілік, ұйымдастырушылық және тылдық мәселелері талқыланатын болады.

«Дала бүркіті» оқу-жаттығуы БҰҰ миссияларына қатысу мүмкіндігі аясында қазақстандық бітімгерлердің кәсібилігін арттырудағы маңызды іс-шара және Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі шеңберіндегі күш-жігерлерді іске асырудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу НАТО елдерімен және серіктестерімен бітімгершілік саласындағы екіжақты және көпжақты өзара қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"