Бөлімшелердің жауынгерлік атысы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде 2017 жылының бірінші оқу кезеңінде бөлімшелердің, есептоптардың, құрылымдар қондырғыларының жауынгерлік атысы жүргізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

   27943 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес, атысқа тартылған барлық құрылымдар жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Жауынгерлік машиналар паркіне келіп, белгіленген шартты ауданға маршты жүзеге асыру жөнінде оқу-жауынгерлік тапсырмасын алды. Жеке құрамның қимылы анықталған соң колонна полигонға жол тартты. Марш кезінде мотоатқыштар бөлімшелері тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін шыңдады. 

Полигонда мотоатқыштар және барлау бөлімшелерінің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында барлау ротасының командирі аға лейтенант О.Шөкеев барлау ротасының 1-ші барлау взводы 1-ші бөлімшесінің жеке құрамымен «Тосқауылдағы бөлімше» тақырыбында, 1-ші мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Е.Мұқатаев 1-ші мотоатқыштар ротасының 1-ші мотоатқыштар взводы 1-ші мотоатқыштар бөлімшесінің жеке құрамымен «Ерекше жағдайдағы қорғаныстағы бөлімше» тақырыптарында нұсқаушылық-әдістемелік дәрістер өткізді. Сондай-ақ, диверсантты-барлау топтары мен әуедегі қарсыластың шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған ауданды жүріп өтудегі қимылдарды да меңгерді. 

Осылайша ең алдымен зенитті есептоптардың, зенитті дивизиондар бөлімшелерінің, бұдан соң мотоатқыштар бөлімшелерінің, 1-ші және 2-ші мотоатқыштар батальонының, соңында штабтық батальонның барлау ротасы бөлімшелерінің атысы жүзеге асты. Жауынгерлік атыстың нәтижесінде кіші сержант А.Құмаров, кіші сержант А.Қадыров, сержант А.Бондин, сержант Б.Елемесов, кіші сержант А.Суворин, кіші сержант Е.Серкешбаев, сержант А.Желнебеков, сержант О.Сейтказин кәсіби біліктіліктерін жақсы жағынан көрсете білді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"