«Батыс» өңірлік қолбасшылығының үздік жүргізушілері анықталды

Оралдағы 5517-әскери бөлім базасында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Үздік жүргізуші» және «БТР үздік экипажы» аталымдары бойынша байқау жеңімпаздары анықталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оған Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Орал қалаларындағы әскери бөлімдерден іріктеліп келген үміткерлер қатысты.

Сайыс соңында жалпыкомандалық есепте 6655-әскери бөлімінің (Ақтөбе) командасы топ жарса, 5517-әскери бөлім (Орал) екінші, 3502-әскери бөлім (Ақтау) үшінші орынды иеленді.

Жекелей сында 3502-әскери бөлімнің экипажы (командирі, кіші сержант Бауыржан Арынов, механик-жүргізуші, кіші сержант Талғат Мұсаев, көздеуші-оператор, сержант Жандос Татименов) «БТР үздік экипажы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ал әскери «КамАЗ» жүргізушілері арасында сол 5 км қашықтықта түрлі кедергілермен жүріп өтуден Ақтөбедегі 6655-әскери бөлімнің аға сержанты Есен Қадиев бірінші келді.

Шара соңында «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медальдар, грамота, бағалы сыйлықтар табыс етті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"