"Батыс" өңірлік қолбасшылығында арнайы көрсетілімді оқу-жаттығу өтті

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Ғимаратқа шабуыл жасау және оны тазарту кезіндегі взвод» тақырыбында взводтық-тактикалық арнайы көрсетілімді оқу-жаттығу өткізді. Ғимаратқа шабуыл жасау кезінде жеке құрам қойылған тапсырманы орындай отырып, шартты заңсыз қаруланған құралымды жойды.

Аңыз бойынша заңсыз қарулаған құралым Алғабас елді мекенінің екі қабатты ғимаратында орналасты. Әскери қызметшілер объектіге дейін орналасу орнынан марш жасады. Барлық жауынгерлер ғимараттың айналасында өздерінің бекіністеріне орнықты, атыс бөлімшесі шабуылдау бөлімшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Белгі алынғаннан кейін шабуылдау басталды. Әскери қызметшілер бірінші және екінші қабатты тазартып, заңсыз қаруланған құрылымды жойды. Шартты қарсылас ретінде пейнтбол клубының жауынгерлері шықты. Бөлім әскери қызметшілерінің айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар олардың жауынгерлік даярлығы мен оларға берілген тапсырмаларды сәтті орындау шеберлігін арттырады.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"