Бақытжан Ертаев әскерилермен кездесті

Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімінің мәдени-демалу орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев гарнизондағы әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесуге Аягөз қаласының ауған соғыс ардагерлері де қатысты. «Қазақстандық патриотизм және оның рухани тамыры» тақырыбына өткен кездесу өте әсерлі болды.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қорғаныс күштерін нығайтуға өзіндік үлесін қосқан қолбасшылардың бірі Бақытжан Ертаевтың есімі қазақ жұртына жақсы таныс. Оның өмірбаянымен таныса қалсаңыз, талай қиын-қыстау жолдардан өткенін байқар едіңіз. Ол қандай да бір кездесуде болмасын, өзінің даңқты батыр Бауыржан Момышұлы дүниеге келген өңірдің түлегі екенін, балаң кезден ерлікке, батылдыққа ұмтылып өскенін ерекше айтады.

Бақытжан Ертаев жиналған әскери қауымға өзінің балалық шағы мен әскери өмірі туралы әңгімелеп берді. Әскери қызметшілер ауған даласында соғысқан батырдың естеліктерін ерекше ықыласпен тыңдады.

- Сіздер бақыттысыздар, бейбіт елде өмір сүріп отырсыздар, болашаққа деген сенімдеріңіз зор. Алдарыңызда өркениетті өмірдің есігі ашық, бірақ осынау өмірге тұтас халықтың тарихы негіз болғанын естеріңізден шығармауларыңыз керек. Өз тарихын, өз тілін білмейтіндер патриот емес.

Мәңгілік елдің мәңгілік тілін сақтаңдар. Ең бастысы – Отанды сүю, тарихты құрметтеу керек. Бұл сіздерге айтар өсиетім, - деді кездесуде Халық қаһарманы.

Сондай-ақ генерал-лейтенант Ертаев өзінің жадында қалған оқиғаларымен, басқа да ойларымен бөлісе келіп, бүгінгі жастарды патриот болуға шақырды. «Біз барлығымыз патриотпыз! Патриот болу дегеніміз – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету» деді.

Генерал-лейтенант, қазақстандық армияның тарихи кезеңдеріне тоқталып, жастарға ақыл-кеңес айтты. Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздарға сәт-сапар тіледі. Ерекше айта кетер жайт арнайы кездесуге Аягөз қаласының соғыс ардагері запастағы полковник Әбілкәрім Темірханов та келіп қатысты. Соғыс ардагері бүгінгі таңда 95 жасына қарамай, әскери қызметшілерге Ұлы Отан соғысына қатысқанын, сонау соғыстың сұрапыл жылдарын әңгімелеп берді.

 

Майя ТОЛЕГЕНОВА

ҚРҚК қызметкері

10810 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"