«Авиадартс-2016» халықаралық байқауы басталды

Рязаньда Ұшу құрамының жауынгерлік даярлығы және қайта оқуы 43-ші орталығының базасында ұшу экипаждарының «Авиадартс-2016» халықаралық байқауы бастау алды. Бұл Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытайдың әскери ұшқыштары бір сапта, бір әуе базасында жаттығып, шеберлікте бақ сынасуда ұшулар жасайтын айрықша сәт.

«Әуе хас шеберлері» ұшақты басқару, дәл оқ ату және бомбаларды лақтыру шеберлігінде ғана емес, сонымен бірге, спорттық алаңдарда да сайысқа түседі. Ұшқыштың денсаулығы мен дайындығы керемет болуы керек екендігін әрқайсысы біледі. Оның үстіне, спорттық кезеңде сәтті өнер көрсету – бұл команданың ортақ қоржынына жиналатын қосымша ұпайлар болып саналады. Одан басқа, биылғы жылы нысаналар үлгісінің саны екі есеге ұлғайтылғанын айта кеткен жөн. Байқау үшін нысаналардың 12 үлгісі құрылды. Олардың арасында тактикалық, атқыш, бомбалайтын және радиолокациялық нысаналар бар. Межелер инфрақұрылымның объектілерін, авиатехниканың тұрағы бар әуеайлақты, зениттік зымыран кешендерін, маршта танкті бөлімшені және тағы басқаны елестетеді. «Аталмыш сайыс түрінің арқасында жауынгерлік даярлықтың сапасы жақсарды және бұл нәтижелер әуе машығына жылдам ықпал етті», - деп Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Виктор Бондарев атап өтті. Биылғы жылы Қазақстаннан байқауға Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің Су-25, Су-27, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-171Ш тікұшағының ұшу және инженерлік-техникалық құрамдары қатысуда. Былтырғы жылы ұшқыштарымыз «Авиадартс» байқауында бақ сынаған болатын. Ол кезде Қазақстан ӘӘК-нің командасы екінші орынды еншіледі. «Авиадартс» байқауы Армия халықаралық ойындары бағдарламасының бөлігі болып табылады. Ұшқыштар үшін бұл әуе хас шеберлері өздерінің шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, тәжірибелерімен бөлісе алатын ерекше сайыс. Қатысушы елдер әскери ведомстволары басшыларының айтуынша, бұл жай ғана сайыс емес, ал тәжірибе алмасу, танысу, үздіктер мен кемелді болашағы бар ұшқыштарды, өз ісінің хас шеберлерін айқындау алаңы.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"