Астанада алғаш рет әскери оркестрлердің «Әлем аспабы – 2016» фестивалі өтеді

Әскери оркестрлердің «Әлем аспабы – 2016» фестивалі биылғы жылы еліміздің бас қаласы елордамыз Астанада алғаш рет өткізілмек. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттері қорғаныс ведомстволары халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдық бөлімшелері басшыларының кезекті отырысында белгілі болды.

Фестиваль ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесі аясында өтеді.  Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2016 жылғы маусымның 6-ы мен 9-ы аралығында әскери оркестрлердің «Әлем аспабы – 2016» үшінші фестивалін өткізумен байланысты мәселелерді талқылады. Осы жылы фестивальға ШЫҰ мүше мемлекеттерінің әскери оркестрлері қатысады.  Олар қаланың бас алаңдарында өздерінің шеберліктерін паш етеді.  Фестивальдің гала-концерті Астана опера театрының алдында өтеді. Әр елдің әскери оркестрі 8-ден 10 минутқа дейін созылатын дефиле ұсынады. «Біз биылғы жылы оркестрдің әртістері ғана емес, сонымен бірге құрмет қарауыл ротасы, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің бишілері қатысатын жаңа бағдарлама ұсынбақпыз», - деді Орталық әскери оркестрдің бастығы аға лейтенант Алмас Ибрагимов. Басты назар қазақы нақышқа аударылатын болады. Қазақстандық әскери музыканттар  көмеймен ән айту, домбыраның сыңғырын, ұрмалы аспап пен шаңқобыздың әуелеген әуезді дыбысын қолдана отырып,  авторлық туынды, сондай-ақ қазақи тақырыптардағы попурри ұсынады. Алдыңғы «Әлем аспабы» фестивалі 2015 жылы Санкт-Петерборда өткенін айта кетейік.  Қазақстандық әскери музыканттар қазақтың ұлттық әуезіне мән беріп, сазгерлеріміздің танымал музыкалық шығармалары мен қазақ халық әндерінен құралған попурри ұсынды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"