Армия ойындарында қазақстандық кинолог үздік атанды

Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Адал дос» алғашқы халықаралық кинологиялық байқауында Қытайдың командасынан жеңіліп, Ресей командасымен бірлесіп өздерінің иттерімен бірге екінші орынды еншілеген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілері  сайыс көшбасшыларының қатарында болды. Үшінші орында Белоруссияның командасы, төртінші орынды ФААЕҚҰ командасы жеңіп алды.

«Дог-биатлон» (эстафета) сайысының соңғы кезеңі шеңберінде кинологтар өздерінің қызметтік иттерімен бірге тұру қалпында ұсақ калибрлі винтовкадан оқ атуларды орындай отырып, 800 метрден 2 шеңберді айналып өтті. Осы кезеңде жеке есепте байқауда бірінші болып, 699 ұпай жинаған капитан Бауыржан Мұқышев бәрінен үздік өнер көрсетті.

«Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауы Мәскеу облысының Дмитров ауданында Қызметтік итті бағып-өсіру орталығы Қызыл Жұлдыз 470-ші оқу орденінің («Қызыл Жұлдыз» тайпалық тәлімбақ) базасында аяқталғанын айта кетейік.

 «Армия халықаралқ ойындары – 2016» шеңберінде өткізілген әскери кинологтардың «Адал дос» алғашқы халықаралық байқауына Ресей, Қытай, Белоруссия және Қазақстанның 25 қызметтік иттерімен бірге 50 тәлімгер қатысқанын естеріңізге сала кетейік. ФААЕҚҰ-ның «Ардагерлер одағы» командасы байқаудан тыс негізде өнер көрсетті. Байқауға қатысу үшін қазақстандық қызметтік иттерді дайындау кезінде ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы малинуа және неміс овчаркасы тұқымдас иттерге басымдық берді.  Кинологтардың жарысы төрт байқау кезеңі бойынша өткізілді. Атап айтқанда, дог-биатлон (жеке жарыс), қорғаныс қызметі, кедергілер жолағын бұзып өту және дог-биатлон (эстафета). Сайыс жеңімпаздарына естелік кубоктар, медальдар мен атаулы грамоталар, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар, яғни, квадроциклдар, скутерлер, ноутбуктер табыс етілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"